Тест драйв
Тест драйв Консультация

Электрмобильдер мен жаңартылатын энергияның жетекші өндірушісі BYD компаниясы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Қытайдағы ең танымал автокөлік брендіне айналып, айтарлықтай жетістікке жетті. Қытайлық автоөнеркәсіптің соңғы есебінің деректері бойынша BYD  басқа ірі автокөлік өндіретін компанияларды сату көлемі бойынша да, нарықтағы үлесі бойынша да басып озды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында BYD нарықтың 13,2 %-ын алып, 1,3 миллионнан астам автокөлік сатты. Бұл Қытайдағы әрбір сегізінші жаңа автокөлікте BYD таңбасы бар дегенді білдіреді. Ең танымал модельдердің қатарына инновациялық технологияларымен және бәсекеге қабілетті бағасымен сатып алушылардың назарын өздеріне аударған BYD Han мен BYD Dolphin кірді.

byd

BYD жетістігі өнімнің жоғары сапасымен ғана емес, сондай-ақ зарядтау инфрақұрылымын дамытуға және модельдер қатарын кеңейтуге салынған белсенді инвестициялармен түсіндіріледі. Сондай-ақ Компания халықаралық нарықтардағы орнын күшейтуді жалғастырып отыр, бұл оның Қытайдың ішкі нарығында өсуіне ықпал етті.

Директорлар кеңесінің төрағасы және BYD CEO Wang Chuanfu жетістік жөнінде: «Біз инновацияларға және өнімнің сапасын жақсартуға салған күш-жігерімізді клиенттеріміздің мойындағанын мақтан тұтамыз. Бұл жетістікке біз мінсіздікке ұдайы ұмтылудың және командамыздың қолдауының арқасында қол жеткіздік», деп тоқталды.

Сондай-ақ BYD жетістігі Қытайда экологиялық таза көлік құралдарына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсететінін сарапшылар айтып отыр. Компания экологиялық технологияларды өткізіп, автокөлік өнеркәсібінің тұрақты дамуына ықпал ету арқылы электрмобильдер сегментіндегі көшбасшы болуын жалғастырып келеді.

15 шілде, 14:07
Uber Tesla-ның орнына 100 000 BYD электрокарына тапсырыс берді
01 тамыз, 14:26
Тамыз айында YangWang U9 «билейтін суперкары» нарыққа шығады
31 шілде, 14:33
Тау патшасы. BYD гибридті жол талғамайтын көлігі Гиннесс рекордтар кітабына енді
12 шілде, 14:19