Fang Cheng Bao (FCB) қосалқы брендінің Leopard 5 жол талғамайтын көлігі Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ол 5980 метр биіктікке шыққан гибридті күштік қондырғылы алғашқы автокөлік болды.
Leopard 5 жол талғамайтын көлігі өзінің тауға көтерілуін тәуелсіз Тибет мемлекетінің бұрынғы астанасы – теңіз деңгейінен 3650 метр биіктікте орналасқан Лхаса қаласынан бастаған деп хабарлайды.
Содан кейін 4200 метр биіктікте ол Ярлунг Зангбо (Брахмапутра) өзенінің аңғарынан өтеді. Әрі қарай ол 5566 және 5800 метр биіктіктегі екі тау асуын еңсереді. Осылайша 5980,05 метр биіктікте мәре сызығына жетеді.
Нәтижесінде BYD жол талғамайтын көлігі өз күшімен осындай биіктікке көтерілуге қабілетті қайта зарядталатын гибридті қондырғысы бар алғашқы модель ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді.
Модель туралы толығырақ
Leopard 5 моделі— бұл жаңа DMO платформасында жасалған үлкен гибридті жол талғамайтын көлік. Оны Қытайда BYD компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын Fang Cheng Bao бренді шығарады. Алғашқы сериялық даналары 2023 жылғы 23 қарашада сатылымға шықты.
Жол талғамайтын көліктің өлшемдері: ұзындығы – 4890 мм, ені – 1970 мм, биіктігі – 1920 мм. Дөңгелек базасы – 2800 мм. Салоны бес жолаушыға есептеліп жасалған. Стандартты жинақтамада автокөліктің клиренсы 220 мм тең. Өткел суды еңсеру тереңдігінің көрсеткіші – 700 мм. Кіру және шығу бұрыштары – сәйкесінше 35 және 32 градус. Неғұрлым жетілдірілген жинақтамада клиренс – 310 мм дейін, ал өткел суды еңсеру тереңдігі 790 мм дейін ұлғайтылды. Кіру және шығу бұрыштары сәйкесінше 39 және 35 градусты құрады.
Техникалық параметрлері
Leopard 5 қуаты 194 а.к. және 273 Нм болатын 1,5 литрлік ІЖҚ-дан, екі электр қозғалтқышынан және электронды сатысыз e-CVT трансмиссиясынан тұратын гибридті күштік қондырғысымен жабдықталған. Алдыңғы электр қозғалтқышы (TZ220XYAB) 272 ат күші мен 360 Нм айналдыру моментін береді, ал артқы қозғалтқыш (TZ200XYA) 388 а.к. мен 400 Нм береді. Бүкіл қондырғының жиынтық беруі 687 а.к. және 760 Нм айналдыру моменті. Автокөлік жетегі – толық жетекті.
Қазіргі уақытта тартқыш аккумулятор ретінде жол талғамайтын көлік сыйымдылығы 31,8 кВт⋅сағ литий-темір-фосфат батареясымен (LFP) жабдықталуы мүмкін. Бұл батареямен оның электрокар режиміндегі жүрісі 100 км (WLTC) құрайды.
Сонымен қатар автокөлікте 83 литр 92-ші бензин сыятын жанармай багы орнатылған. Зарядталған батареяның орташа отын шығыны «Леопард» үшін 100 километрге (WLTC) 1,81 литрді құрайды. Осының арқасында оның максималды жүріс қоры 1200 км жетеді. Алайда батареяның заряды таусылғанда, отын шығыны 100 км жолға 7,8 л дейін артады. Бір орыннан сағатына 100 километрге дейін жылдамдықты үдету үшін Leopard 5 көлігіне бар болғаны 4,8 секунд керек. Оның максималды жылдамдығы 180 км/сағ құрайды.